БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

    Республика күні қарсаңында Бесқарағай ауданындағы үш мектепте балалардың дамуын қолдау кабинеттері ашылды.

    Жаңа кабинеттер:
    🔹 Канонерка орта мектебінде;
    🔹 Семёновка орта мектебінде;
    🔹 Сосновка орта мектебінде жұмысын бастады.

    Сонымен қатар Жиланды негізгі мектебінде балалардың дамуын қолдау кабинеті демеушілік көмек есебінен ашылды.

    Бұл бастама инклюзивті білім беруді дамытуға және әр балаға тең мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды қадам.

    Қолдау кабинеттері балалардың жеке ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді. Сондай-ақ балалардың әлеуетін ашуға, әлеуметтік ортаға бейімделуіне және педагогтер, мамандар мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

    Инклюзивті білім беру – әр балаға тең мүмкіндік, жеке ерекшелігіне құрмет және жарқын болашағына қамқорлық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары