Бесқарағай ауданының жас футболшылары – облыс чемпионы атанды.


    Абай облысында ауыл балалары арасында ұйымдастырылған «AYUL SPORT-2026» облыстық турнирінде Бесқарағай ауданының жас спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

    Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК-нің 2026 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, 5–9 қазан аралығында «AYUL SPORT-2026» ауыл балалары арасындағы облыстық турнир өткізілді.

    Аталған жарыстың негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі балалар мен жасөспірімдерді спортпен тұрақты айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, жас спортшылардың шеберлігін арттыру және бұқаралық спортты дамыту.

    Турнир аясында спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылып, футболдан 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер арасында тартысты бәсеке өтті.

    Жарыс барысында Бесқарағай ауданының командасы жоғары дайындық деңгейін, шеберлігін және командалық бірлігін көрсете білді. Әр ойында жеңіске деген жігер танытқан жас футболшылар нәтижесінде облыс чемпионы атанып, алтын жүлдені қанжығаларына байлады.

    Бұл жеңіс – жас спортшылардың жүйелі түрде жүргізген жаттығуларының, табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар мен ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

    Бесқарағай ауданының жас чемпиондарын жеңістерімен құттықтаймыз!

    Жас спортшыларға алдағы жарыстарда сәттілік, мықты денсаулық және жаңа жеңістер тілейміз! Бесқарағай ауданының көкжиегін кеңейтіп, ауданымыздың абыройын асқақтата беріңіздер!

    Жеңіс құтты болсын, жас чемпиондар! 🏆⚽

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары