Білім бөлімінің басшысы Беген орта мектебіне барды

    Білім бөлімінің басшысы Беген орта мектебіне арнайы барып, білім беру ұйымының жалпы жағдайымен танысты. Мектеп әкімшілігімен және ұстаздар қауымымен кездесіп, оқу-тәрбие жұмыстарының барысын, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды саралады.

    Кездесу барысында мектеп әкімшілігі мен педагогтерге оқушыларды білімін жетілдіруге бағытталған түрлі жобаларға, пәндік олимпиадаларға, зияткерлік байқауларға, ғылыми жобалар мен спорттық жарыстарға белсенді қатыстыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар аталған іс-шараларға оқушылардың жүйелі қатысуын қамтамасыз етіп, олардың қабілеттерін дамытуға, білім мен спорт саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасау қажеттігі атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары