Бесқарағай ауданының білім бөлімінің басшысы білім беру саласының өзекті мәселелері мен Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылау мақсатында онлайн жиналыс өткізді.
Жиналыс барысында білім беру сапасын арттыру, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы жағдай жасау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарының барысы, құрылыс жылы және нысандардың қазіргі мәртебесі талқыланды.
Педагог мәртебесін көтеру, мұғалімдердің құқықтарын қорғау, педагогтерге қатысты дөрекі қарым-қатынасқа жол бермеу және қағазбастылықты азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұғалімдердің уақытын артық есептілік пен құжаттарды толтыруға емес, білім сапасын арттыруға және оқушылармен жұмыс істеуге бағыттаудың маңыздылығы атап өтілді.
Бұдан бөлек, «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқушылар мен педагогтердің бірлесіп кітап оқуы, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру қажеттігі айтылды.
Сондай-ақ, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру және білім беру ұйымдарында «Заң мен тәртіп» қағидатын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша білім беру саласындағы басым міндеттерді сапалы әрі уақытылы орындау, педагогтерге қолайлы кәсіби орта қалыптастыру және белгіленген бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









