ГЛУХОВКА ОРТА МЕКТЕБІНЕ ЖАҢА АВТОБУС ТАБЫСТАЛДЫ

    1 / 3

    Республика күні қарсаңында Абай облысының әкімі Берік Уәли қалалар мен аудандардың білім беру ұйымдарына оқушыларды тасымалдауға арналған жаңа автобустардың кілтін табыстады.

    Жаңа автобустардың бірі Бесқарағай ауданының Глуховка орта мектебіне берілді.

    Отандық өндірістен шыққан «ПАЗ-32053-70» маркалы автобус оқушылардың қауіпсіз әрі қолайлы жағдайда мектепке қатынауына мүмкіндік береді. Көлік қауіпсіздік белдіктерімен, GPS жүйесімен, бейнетіркеу құрылғыларымен және балаларды тасымалдауға қажетті басқа да жабдықтармен қамтылған.

    Бұл бастама ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, шалғай елді мекендердегі балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Оқушылардың қауіпсіздігі мен сапалы білім алуына жағдай жасау — білім беру саласындағы маңызды міндеттердің бірі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Бесқарағай ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары