Теміртауда жылу желілері жаңартылып жатыр

    Теміртауда коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқын алды. Қаладағы бірнеше көшеде жылу магистральдары қайта жаңартылып, жалпы ұзындығы сегіз шақырымнан асатын желі қамтылды. Ескі құбырлар жаңасына ауыстырылды. Қазір мердігер ұйымдар құрылыс жұмыстары жүргізілген аумақтарды абаттандыруды аяқтап жатыр.

    Теміртауда жылу желілері жаңартылып жатыр

    Жұмыс көлемі жағынан ең ауқымдысы – Мичурин көшесіндегі ТМ-3 жылу магистралі. Мұнда Қарағанды көшесіндегі «Мука-Сахар» су құбыры камерасынан № 34 жылу пунктіне дейінгі аралықта төрт шақырымнан астам құбыр жаңартылды.

    Теміртауда жылу желілері жаңартылып жатыр

    Аталған магистраль арқылы 35 мыңға жуық абонент жылумен қамтылады.

    Бұл учаскеде темірбетон тіректерді орнату және бетондау жұмыстары да толық аяқталған.

    Теміртауда жылу желілері жаңартылып жатыр

    Ал Ушинский және Бейбітшілік көшелерінде Құрылысшылар даңғылынан Бейбітшілік пен Металлургтер даңғылдарының қиылысындағы № 18 жылу камерасына дейінгі аралықта үш шақырымнан астам құбыр ауыстырылды. Тозығы жеткен ескі құбырлардың орнына пенополиуретанды жылу оқшаулағышы бар жаңа болат құбырлар төселді.

    Жаңғырту жұмыстары жылу желілерінің пайдалану сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, Теміртау тұрғындарын жылумен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз етуге негіз болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары