Атырау облысы Әділет департаментінің басшысы Г. Кыстаубаева мен облыстық Нотариаттық палатаның төрайымы С.Исамберлиеваның қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында нотариат саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ нотариустардың қызметіне қойылатын жаңа талаптар, арыз-шағымдарды азайту мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді нотариустардың сақтауын қамтамасыз ету, заң талаптарын орындау және нотариаттық қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, нотариат саласындағы заңнамалық өзгерістер туралы халықтың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігі атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









