Ұлытаулық боксшылар Қазақстан чемпионатында бес медаль жеңіп алды

    1 / 4

    Ұлытау облысының жас спортшылары бокстан юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында бір алтын және төрт қола медаль иеленді, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Ел біріншілігінде өңір намысын қорғаған Сұлтан Бейбарыс қарсыластарынан басым түсіп, Қазақстан чемпионы атанды.

    Сондай-ақ Дінмұхаммед Мұхаметқанапия, Осман Жәнібек, Жандос Қалқанов және Әділет Мұханбетқали өз салмақ дәрежелерінде қола жүлдеге қол жеткізді.

    Осылайша, Ұлытау облысының боксшылары республикалық чемпионатты бес медальмен қорытындылады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары