"Болашақ үшін есте сақтаймыз": Көкшетауда ЖКО құрбандарын еске алу автошеруі өтті

    1 / 5

    Көкшетауда Ақмола облысының Полиция департаменті Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай "Болашақ үшін есте сақтаймыз: жолдардағы қауіпсіздік-әркімнің жауапкершілігі" атты ведомствоаралық акция өткізді. Іс-шараға полиция қызметкерлері, ТЖД және жедел медициналық көмек қызметінің өкілдері қатысты. Акция қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды, содан кейін қала көшелерімен автошеру өтті.

    Іс-шара аясында жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жылдамдықты асыру, мас күйінде көлік жүргізу, сондай-ақ шаршаған және ұйқылы күйде көлік жүргізу фактілеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін насихаттау мақсатында облыстық Полиция департаменті қаланың барлық кинотеатрларында көрсетілетін тақырыптық бейнероликтер дайындады.

    "Әрбір жол-көлік апатының артында адам тағдыры тұр. Біздің басты міндетіміз-адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау. Жолдардағы қауіпсіздік-жол қозғалысының әрбір қатысушысының ортақ жауапкершілігі", - деп атап өтті Ақмола облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ержан Қошқарбаев.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары