Ағымдағы жылдың 19 қарашада Полиция департаменті, қалалық әкімдік, «Альянс женских сил», «Аналар алқасы» қоғамдық ұйымдары өкілдерінің, «Шанс» дағдарыс орталығының, Көкшетау қаласының білім бөлімінің, Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшыларының, Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығының және азаматтардың қатысуымен теңдік, құрмет және өзара жауапкершілік қағидаттарына негізделген қауіпсіз орта құруға ұмтылуда кездесу өтті.
Кездесу аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әйелдер мен балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше назар аударылды.
- "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық ең өткір әлеуметтік мәселелердің бірі. Көбінесе бұл жабық есіктердің артында болады, ал зардап шеккендер қорқыныш, материалдық тәуелділік немесе кәмелетке толмаған балалардың болуына байланысты жылдар бойы көмек сұрамайды. Зорлық-зомбылық тек физикалық әсер емес екенін түсіну маңызды. Ол сондай-ақ қорқыту, қорлау, психологиялық қысым, қудалау және бостандықты шектеу арқылы көрінуі мүмкін. Мұндай фактілер қайталанатын отбасылар ерекше алаңдаушылық тудырады, ал балалар қақтығыстар мен зорлық-зомбылыққа куә болады. Ата-аналар арасындағы зорлық-зомбылықты үнемі бақылайтын бала психологиялық тұрғыдан зардап шегеді және қорғауды қажет ететінін есте ұстаған жөн. Біздің басты міндетіміз-тұрмыстық жанжалдардың ауыр және аса ауыр қылмыстарға айналуына жол бермей, мұндай отбасыларды ерте кезеңде анықтау",-деді Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Сағит Жұманбаев.
Ағымдағы жылдың басынан бастап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында әйелдерден қылмыстық теріс қылықтар фактілері бойынша 124 өтініш тіркелді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қажетті көмек көрсету мақсатында 62 әйел мен 111 бала Ақмола облысының дағдарыс орталықтарына орналастырылды. Бұдан басқа, құқыққа қайшы әрекеттерге жол берген адамдарға қатысты 3600-ден астам қорғау ұйғарымы шығарылды.
Кездесу соңында ашық диалог өтті, оның барысында қатысушылар мен қатысушы азаматтар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қазіргі проблемаларды шешуге, зардап шеккендердің құқықтарын қорғауға және көмек көрсету тетіктеріне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Полиция өкілдері келіп түскен мәселелер бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берді, заңда көзделген қорғау шаралары, құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі және зорлық-зомбылық көрінген жағдайда әрекет ету алгоритмі туралы айтып берді.
Кездесу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал ететін сындарлы диалог форматында өтті.
Зорлық-зомбылық отбасының жеке мәселесі емес, назар аударуды және уақтылы әрекет етуді қажет ететін мәселе екенін есте ұстаған жөн. Әр адам қорқынышсыз, қорлаусыз, қауіп-қатерсіз және физикалық немесе психологиялық қысымсыз өмір сүруге құқылы.
Полиция департаменті азаматтарды зорлық-зомбылық фактілеріне бей-жай қарамауға, құқыққа қайшы әрекеттер туралы уақтылы хабарлауға және құқық қорғау органдарына көмек сұрауға шақырады.
Тек бірлескен күш-жігермен ғана біз зорлық-зомбылыққа орын жоқ қоғам құра аламыз, ал әрбір адамның қауіпсіздігі, қадір-қасиеті мен құқықтары сөзсіз құндылық болып табылады.
Зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл әрқайсымыздан басталатынын есте ұстаған жөн!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









