Ақмола облысында полицейлер жабайы жануарларды заңсыз аулау фактісін анықтады. Оқиға Зеренді ауданында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тіркелді.
Полицияға болған оқиға туралы «Пухальское» аңшылық шаруашылығының аңшысы хабарлады. Алғашқы тексеру барысында өңірдің үш тұрғыны өз автокөліктерімен аң аулау кезінде екі жабайы қабанды атып алғандары анықталды.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жануарлардың өлекселерін, оқ-дәрілер мен қаруларын тапты.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға және сотқа дейінгі тергеудің толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полицейлер заңсыз аң аулау мен жабайы жануарларды аулау заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








