Жетісу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысы бақылауда

    Қазіргі уақытта Жетісу ауданында RAMS Saiahat, Säulet және Ansar тұрғын үй кешендерінің құрылысы жүргізілуде.

    Жетісу ауданының әкімі жұмыс сапары барысында аталған құрылыс нысандарын аралап, құрылыс компанияларының өкілдерімен жұмыстардың аяқталу мерзімдерін, автотұрақ орындары мен аула кеңістігін ұйымдастыру, сондай-ақ іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелерін талқылады.

    Сонымен қатар құрылыс жұмыстары кезінде көршілес үйлердің тұрғындарына қолайсыздық туғызбау, аумақта тазалық пен тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары