Жетісу ауданындағы Петровский шағынауданында тұрғындардың демалуына және спортпен шұғылдануына арналған қоғамдық кеңістік көркейтілді. Мұнда балаларға арналған бес ойын кешені, төрт ашық жаттығу құрылғысы мен воркаут алаңы орнатылды. Сонымен қатар футбол алаңы, үстел теннисі және пергола жасалды.
Тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін 330 шаршы метрден астам аумаққа резеңке жабынды төселіп, 380 шаршы метр жерге брусчатка төселді, 100 шаршы метрден астам аумаққа асфальт жабындысы төселді. Бұдан бөлек, орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылды.
Жаңа алаң «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында салынды. Бұл жоба тұрғындарға өздері ұсынған көркейту бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2026 жылы Жетісу ауданында осындай 25 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның 18-і аяқталды, қалған жетеуін қараша айының соңына дейін бітіру көзделген.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









