Станиславский көшесінде инженерлік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізілуде

    1 / 2

    Алматы қаласының Жетісу ауданында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жобасы аясында Станиславский көшесінде кәріз желілерінің құрылысы жалғасуда.

    Бүгінгі таңда 1,4 км магистральдық және 0,9 км абоненттік кәріз желілері салынды.

    Қазіргі уақытта мердігер ұйым құрылыс жұмыстары жүргізілген учаскелерде асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда.

    Жоба аясында көзделген барлық жұмыстарды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары