Алматы қаласының Жетісу ауданында кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны үш еседен астам азайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар саны 22-ден 7 жағдайға дейін төмендеді.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны 20-дан 11 жағдайға дейін азайған.
Ауданда құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Есепті кезеңде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 18 отырысы өткізіліп, 71 материал қаралды.
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінуде. Аудандағы 22 мектептің барлығы Face ID арқылы кіруді бақылау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар 41 педагог-психологқа балалардың дағдарыстық жағдайларын ерте анықтау бойынша оқыту семинарлары өткізілді.
Жетісу ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









