1 / 6
«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Самар ауданындағы Самар ауылында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында еріктілер ауылда тұратын жалғызбасты қарт тұрғындарға көмек көрсетті. Акцияға қатысушылар аулаларды түскен жапырақтардан тазалап, бақша аумақтарын ретке келтірді, сондай-ақ үй шаруасына көмектесті.
Аталған акция аға буын өкілдеріне құрмет пен қамқорлық көрсетудің жарқын үлгісі болды. Мұндай игі бастамалар қоғамда өзара көмек, сыйластық пен үлкенге құрмет дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






