Полицияның жедел әрекеті: Заңсыз айдап әкетілген көлік иесіне қайтарылды

    Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде заңсыз айдап әкетілген автокөлік табылып, заңды иесіне қайтарылды. Өз мүлкіне қайта қол жеткізген жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына ризашылығын білдіріп, олардың кәсібилігі мен жауапкершілігі үшін алғысын айтты.
    Оқиға Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болған. Өз үйінің ауласында тұрған көлігінен айырылған тұрғын Қармақшы аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Азаматтың өтінішіне бейжай қарамаған полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап, көлікті іздестіру жұмыстарына дереу кірісті.
    Жедел қабылданған шаралар мен тәртіп сақшыларының табанды еңбегінің нәтижесінде іздестірілген автокөлік қысқа мерзімде табылды. Көлік иесіне қайтарылды.
    Жергілікті тұрғын полиция қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді. Әсіресе аудандық полиция бөлімінің анықтаушысы полиция капитаны Нұрлан Абеновке ризашылығын білдірді.
    Полиция капитаны Нұрлан Абенов ішкі істер органдарында 2018 жылдан бастап абыройлы қызмет атқарып келеді.
    «Полиция қызметі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бірақ халықтың алғысын алу – осы мамандықтың ең үлкен қуанышы» дейді тәртіп сақшысы.
    Ол әркез үлкенге ізеттілік, кішіге қамқорлық көрсететін жандандардың қатарында. Ұжымда беделді, бөлімнің қоғамдық жұмыстарында белсенділік танытып, жас қызметкерлерлерге бағыт - бағдар беруден еш жалықпайды.
    Полиция қызметі – үлкен жауапкершілікті, қырағылықты және кәсіби шеберлікті талап ететін маңызды сала. Әрбір азаматтың өтінішіне мұқият қарап, оның құқығы мен заңды мүддесін қорғау – полиция жұмысының негізгі басымдығы. Халықтың алғысы – адал қызметтің бағасы.
    Мұндай оқиғалар полиция қызметкерлерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін айқындап қана қоймай, тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы сенімді нығайта түседі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының Полиция департаменті" жаңалықтары