Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыста Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі государственный орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және азаматтардың ақпарат алу мүмкіндігін кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ өкілі ақпараттың қолжетімділігін арттырудың жаңа тетігі – Бірыңғай білім базасын таныстырды. Платформа азаматтарға мемлекеттік қызметтер туралы өзекті әрі қажетті ақпаратты, сондай-ақ күнделікті өмірде туындайтын сұрақтарға жауаптарды бір жерден алуға мүмкіндік береді.
Отырыс қорытындысы бойынша комиссия Денсаулық сақтау министрлігіне өз қызметінің ашықтығын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыруды және ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге қатысты ескертулерде көрсетілген барлық кемшілікті жыл соңына дейін жоюды ұсынды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









