Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында қазақтың көрнекті әнші-композиторы Мұхит Мерәліұлының туғанына 185 жыл толуына орай «Мұхитқа шырқау үшін дала керек» атты дәріс-концерт өтті.
Кешке Қазақстан Республикасының халық әртісі Рамазан Стамғазы құрметті қонақ ретінде қатысты. Дәріс-концертті Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Мұрат Әбуғазы жүргізді.
Концертте «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Армат Исламғалиев, сондай-ақ халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.
Кеш барысында Мұхит Мерәліұлының ән мұрасы таныстырылып, дәстүрлі ән өнерінің ерекшеліктері мен композитордың ұлттық мәдениеттегі орны сөз болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









