ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗІ

    ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗІ

    Нұрлыкент ауылында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз мектептің негізі» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті.

    Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Ахметова Анар Садыққызы жүргізді.

    Жиында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, педагог пен ата-ананың өзара байланысы және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мәселелері сөз болды.

    Аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ринат Бақытханұлы Заппаров буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, интернет алаяқтықтың кең таралған түрлері, цифрлық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ жастар арасында лудомания мен электронды темекінің зияны жөнінде түсіндірді.

    Ал «Ардагерлер ұйымы» ҚБ аудандық филиалының төрағасы Сейтхан Шералханұлы Жұмашев ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың бойында адамгершілік қасиеттер мен заңға құрмет қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды.

    Кездесу соңында ата-аналардың сұрақтары тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Басқосуда бала қауіпсіздігі мен саналы тәрбие – ата-ана, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жуалы ауданының әкімдігі" жаңалықтары