Жуалы ауданымыз үшін маңызы зор тарихи сәт

    1 / 2

    Жуалы ауданымыз үшін маңызы зор тарихи сәт. Өткен жылы құрылысы басталған Боранды станциясының 3441-шақырымында, су өткізгіш темірбетон құбырының жанынан автокөлік құралдарының қауіпсіз қозғалысына арналған жаңа өткел пайдалануға берілді.

    Ұзындығы 31 метр, биіктігі 5,3 метр болатын бұл өткел – жай ғана инженерлік нысан емес. Бұл – жылдар бойы елдің назарында болып, жұрт арасында «Тесік көпір» аталып кеткен, талай адамның алаңдаушылығын тудырған мәселенің шешімі. Оның артында қаншама еңбек, қажыр-қайрат, сабыр мен жауапкершілік жатыр. Әр кезеңі мұқияттылықты, төзімділік пен табандылықты талап еткен құрылыс жұмыстарының нәтижесінде көптен күткен мақсатқа қол жеткіздік.

    Кеше елдің сынына себеп болған өткел бүгін ел игілігіне қызмет ететін нысанға айналды. Бұл – бір мәселенің шешілуі ғана емес, халықтың көптен күткен үмітінің ақталуы, ауданның жол қатынасына жасалған маңызды қадам. Ендігі жерде бұл өткел қауіпсіз қозғалысқа жол ашып, ел игілігіне ұзақ жылдар қызмет етсін!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жуалы ауданының әкімдігі" жаңалықтары