Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнін мерекелеу

    1 / 15

    2026 жылғы 13 қарашада облыс әкімдігінің ғимаратында облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Рахатұлы Жұмағұловтың қатысуымен «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Аталған іс-шараға халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің еңбек ардагерлері, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің СҚО бойынша департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының СҚО бойынша филиалының, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ СҚО бойынша филиалының, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің, еңбек мобильділігі орталығының қызметкерлері, ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемелердің, аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, мансап орталықтарының жұмыскерлері қатысты.

    Салтанатты күні әлеуметтік қорғау жүйесінің 37 қызметкері еселі еңбегі үшін лайықты марапатқа ие болды, атап айтқанда, 1 маман – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 1 маман – «Еңбек ардагері» медалімен, 2 қызметкер – «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, 16 қызметкерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, ал 17 қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының әкiмдiгiнiң жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары