«Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 4
Тұрғындардың көптеген өтініштеріне орай «№7 жалпы білім беретін мектеп» КММ мен «Салтанат» бөбекжай-бақшасы» КМҚК маңындағы жолдың қауіпті учаскесінде көріну мүмкіндігін жақсарту жұмыстары жүргізілді.
Көріну мүмкіндігінің жақсаруы жол-көлік оқиғаларының туындау қаупін азайтып, балалар мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жүргізушілерден жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілерге мұқият болуды сұраймыз.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









