Көкшетау – Астана тасжолында елордаға кіреберісте Астана қаласының полиция қызметкерлері Scania маркалы жүк көлігін тоқтатты.

    Тексеру барысында мемлекеттік нөмірдің жекелеген таңбалары оқылуын қиындату мақсатында оқшаулағыш таспамен өзгертілгені анықталды.
    Аталған құқық бұзушылық үшін 54 жастағы шетел азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Сот шешімімен жүргізуші бір тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, сондай-ақ бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
    Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірі көлік құралының міндетті сәйкестендіру белгісі екенін еске салады. Оны жасыруға, өзгертуге немесе қасақана бұрмалауға жол берілмейді және бұл заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
    Мұндай әрекеттер заң талаптарын елемеуді ғана емес, құқық қорғау органдарының жұмысын, оның ішінде құқық бұзушылықтарды анықтау мен көлік құралдарын сәйкестендіру үдерісін де қиындатады.
    Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, заң талаптарын айналып өтуге тырыспауға және мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға бағытталған кез келген әрекет жауапкершіліктен босатпайтынын есте ұстауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары