Iшкi және электрондық сауданы дамыту, отандық өндiрушiлердi қолдау, қазақстандық тауарларды жылжыту және бiрiншi кезекте қажеттi өнiмдерге бағаны ұстап тұру. Бұл тақырыптар сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіповтың Қарағанды облысының тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесуінде басты тақырыптар болды.

Кездесу алдында вице-министр Қарағандының бірнеше кәсіпорындары мен сауда нысандарын аралады. Олардың қатарында тұрақтандыру қорын қалыптастыруға жұмылдырылған «Қарағанды-Нан» корпорациясы, Magnum E-commerce Kazakhstan компаниясының филиалдары және «Сарыарқа» АКК көкөніс қоймасы бар. Жұмыс сапары барысында азық-түлік өндіру, сату және сақтау мәселелері, сондай-ақ нарық қатысушыларының алдында тұрған проблемалар талқыланды.

Кездесуді ашқан Әсет Нүсіпов сауда саласының негізгі даму көрсеткіштерін таныстырды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі сауда көлемі 12,5% -ға өсті. 2026 жылдың тоғыз айында өсім 6,2% құрады. Электрондық коммерция да белсенді дамып келеді.
Министрліктің басымдықтарының бірі ішкі нарықтағы қазақстандық өнімнің үлесін арттыру болып қала береді. Бүгінде сауда нысандарындағы отандық тауарлардың ең төменгі үлесі 30% -ды құрауы тиіс. Бұл ретте мемлекеттік қолдауды алатын сауда кәсіпорындары үшін неғұрлым жоғары талап - сөрелердегі қазақстандық өнімнің кемінде 50% көзделген.
Ішкі сауда ережелеріндегі өзгерістер отандық өндірушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың өнімдерінің сатып алушыларға қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған.
– Біз мүмкіндігінше көп отандық өндірушілер өз өнімдерін сауда желілерінде ұсына алады. Ол үшін ішкі сауда ережелерін жетілдіріп, мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтеміз. Қазақстандық тауарлардың сатып алушыларға қолжетімді болуы және дүкенде лайықты орын алуы маңызды, – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.
AgroTrade электрондық алаңдары ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Ол өндірушілерге сатып алушыларды табуға, делдалдар санын азайтуға және өткізу нарығын кеңейтуге көмектеседі.
Вице-министр сауданы цифрландыруға жеке тоқталды. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Тауарлардың ұлттық каталогын пайдалану нарықтың барлық қатысушылары үшін міндетті болды. Қазір жүйеде 33 миллион тауар тіркелген.

Тағы бір маңызды бағыт – қазақстандық компаниялардың шетелдік нарықтарға шығуы. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тоғыз сауда-экономикалық миссия өтті. Сонымен қатар, экономиканың түрлі салаларынан 125 кәсіпорын экспорттық акселерация бағдарламасына енді, ол бизнесті шетелге жеткізуге көмектеседі.

Халық үшін ең маңызды мәселелердің бірі – азық-түлік бағасын да айналып өткен жоқ.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 19-дан 31-ге дейін кеңейтілді. Бұл ретте бағаны реттеу тәсілі өзгереді: тікелей мемлекеттік араласудың орнына сауда үстемесін бақылауға және мұқтаждарды атаулы қолдауға баса назар аударылады.

– Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз мемлекеттік бағаны реттеуден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 15 пайыздық сауда үстемесінің сақталуына бақылауды күшейтуге көшеміз. Халықтың әлеуметтік осал топтарына атаулы қолдау көрсетуді де күшейтеміз, – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.
Кездесу соңында кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары вице-министрге сұрақтар қойып, проблемаларды белгіледі.

Бизнесті жүргізудің, сауданың және отандық өнімді ілгерілетудің практикалық қиындықтарын талқылады.
Әсет Нүсіпов барлық келіп түскен ұсыныстарды министрлік қарайтынын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









