1 / 3
11 қараша күні Астана қаласында паралимпиадалық ат спортының мәнерлеп жүру түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Жарысқа Астана қаласының, сондай-ақ Алматы, Ақтөбе, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылары қатысты.
Чемпионатта Шахтинск қаласының атынан қатысқан Владимир Воронин өз санатында жоғары нәтиже көрсетіп, I орынға ие болды.
Владимирді жеңісімен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жаңа спорттық жетістіктер және алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









