Шахтинск қаласында тротуарларды абаттандыру жұмыстары аяқталды.
2026 жылы қалада 6 000 м²-ден астам тротуар жабыны төселді.
Жұмыстар келесі учаскелерде жүргізілді:
- «Қарлығаш» балабақшасының айналасындағы аумақ, оның ішінде негізгі кіреберіске дейінгі жол;
- № 3 мектеп пен «Ботагөз» балабақшасына апаратын жолдар;
- Спорттық көшесі, Парковая көшесінен Торговая көшесіне дейінгі аралық;
- Парковая көшесі, «Наргиза» мейрамханасынан аялдамаға дейінгі аралық;
- Карл Маркс көшесі, Абай даңғылынан Станционная көшесіне дейінгі аралық;
- Виктор Хара көшесіндегі аулалық аумақ, тоғыз қабатты тұрғын үйден «Сапфир» дүкеніне дейін;
- тұрғындардың өтініштері бойынша 26 және 31 кварталдардың жекелеген учаскелері.
Қолайлы әрі қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыру — Шахтинск қаласын абаттандыру жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









