Шахтинск қаласында «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті

    1 / 5

    Шахтинск қаласының басқару органдарын, азаматтық қорғау күштері мен құралдарын алдағы қысқы кезеңге дайындауды жетілдіру мақсатында, 2026 жылғы 12 қарашада Шахтинск қаласының аумағында «Басқару органдарын және мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында «Қыс-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

    Оқу-жаттығу қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жоюға Мемлекеттік азаматтық қорғаныс жүйесінің және халықтың дайындық деңгейі мен қабілетін арттыру, азаматтық қорғаныс қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

    Қолданыстағы жағдайды бағалау және төтенше жағдайдың салдарларын жою бойынша шешімдер қабылдау кезінде басқару органдарының іс-қимыл алгоритмі пысықталды.

    Оқу-жаттығу аясында төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарды пысықтауға арналған командалық-штабтық жаттығулар, сондай-ақ Шахтинск қаласының авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарының қатысуымен практикалық іс-қимылдар өткізілді.

    Оқу-жаттығуға Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары А.Е. Саттыбаев пен Шахтинск қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С.Н. Бахшиев қатысты.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шахтинск қаласының әкімдігі" жаңалықтары