1 / 8
Шахтинск қаласында Московская көшесіндегі ұзындығы 1 км болатын орамішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.
Жөндеу аясында жол жабыны жаңартылып, автотұрақ орындары мен жаяу жүргіншілер жолдары абаттандырылды. Аялдама павильондарының маңына брусчатка төселіп, жол белгілері орнатылды.
Сондай-ақ қалалық емхана маңындағы автотұрақ аймағы 50 метрден 100 метрге дейін кеңейтіліп, автотұрақ орындарының саны артты.
Атқарылған жұмыстар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, қала тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








