Тақырыбы: Өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек заңнамасы нормаларын сақтау

    2026 жылғы 12 қарашада мемлекеттік еңбек инспекторы А.М. Валеев «Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі» КМҚК-де өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелеріне арналған семинар өткізді.

    Іс-шара барысында өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын реттейтін еңбек заңнамасының негізгі нормалары, оның ішінде жұмыс уақытының ұзақтығы, қызметкерлерді үстеме жұмысқа тарту тәртібі, сондай-ақ еңбек қатынастары саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен кепілдіктері түсіндірілді.

    Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың сауалдарына түсініктемелер беріліп, еңбек заңнамасы талаптары мен еңбек қауіпсіздігін сақтау жөнінде ұсынымдар айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаменті" жаңалықтары