Ұлытау облыстық Серке театрының Алматыдағы гастрольдік сапары басталды

    1 / 5

    Серке Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры Алматы қаласында гастрольдік сапарын бастады. Өнер ұжымы алматылық көрермен назарына алғашқы қойылымын ұсынды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Гастроль аясында театр әртістері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында «Сен және мен» спектаклін қойды. Алғашқы қойылымды алматылық көрермен жылы қабылдады.
    Ұлытау өңірінің театр өнерін өзге қалалардағы көрерменге таныстыруға бағытталған гастрольдік сапар алдағы күндері де жалғасады.
    Атап айтқанда, 13 қарашада «Ғашықтар», ал 14 қарашада «Войцек» спектакльдері сахналанады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары