IVY-2026: Уругвай волонтерлікті дамыту жөніндегі Қазақстанның бастамасына қосылды

    Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында ұсынған бастама кең қолдау тапты. Қазақстанның ұсынысын 60-тан астам ел қолдап, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде волонтерліктің маңызы зор екенін растады.

    Жыл бойы әлемнің түрлі елдерінде волонтерлікті насихаттауға, азаматтық белсенділікті арттыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жалпыұлттық науқандар, қоғамдық акциялар, форумдар мен өзге де іс-шаралар өтіп жатыр.

    Уругвай да осы бағыттағы жұмысқа үн қосты. Ел парламентінде азаматтық белсенділік пен волонтерлікті дамытуға арналған «Participando Hacemos País» («Елді бірге өркендетеміз») атты алғашқы жалпыұлттық акция ресми түрде таныстырылды. Акция 5 желтоқсанда – Халықаралық волонтерлер күнінде өтеді. Сол күні елдің барлық өңірінде іс-шаралар бір мезгілде ұйымдастырылады.

    Бастаманың мақсаты – волонтерлер еңбегінің қоғамда лайықты бағалануына ықпал ету, қозғалысқа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ мемлекеттік институттар мен азаматтық қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызмет

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары