АТЫРАУДА ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «TANYM» ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    1 / 3

    Атырау қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған «TANYM» түзете-дамыту орталығы ашылды. Жаңа орталық 0-ден 18 жасқа дейінгі 300 балаға арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.

    Жоба Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тиісті бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатыр.

    Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы білім беру басқармасының бас маманы Ақмарал Боранханова және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Атырау облыстық филиалының директоры Нұржан Ермұханов қатысты.
    Орталықтың негізгі мақсаты – әр баланың жеке ерекшелігі мен даму мүмкіндігін ескере отырып, оның танымдық қабілеттерін жетілдіру, сөйлеуін дамыту, қарым-қатынас жасау және өздігінен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
    Оралықта балаларға кешенді түзете-дамыту көмегі көрсетіледі. Атап айтқанда, дефектолог, логопед, психолог мамандары жұмыс істейді. Сонымен қатар бейімделген дене шынықтыру (АФК) және емдік дене шынықтыру (ЛФК) сабақтары өткізіледі.

    Ең бастысы, мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында көрсетілетін барлық қызмет балалар үшін тегін. Бұл ата-аналардың қаржылық жүктемесін азайтып, қажетті мамандардың көмегін қолжетімді етеді.

    Атырау облысы білім беру басқармасының бас маманы Ақмарал Боранханованың айтуынша, қазіргі уақытта орталыққа 150-ден астам бала тіркелген. Дегенмен, белгіленген 300 орындық қуаттылыққа сәйкес, әлі де балаларды қабылдауға мүмкіндік бар.

    Жаңа орталықтың ашылуы өңірдегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, жүздеген отбасы үшін маңызды әлеуметтік қызметтің қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

    «TANYM» түзете-дамыту орталығы Атырау қаласы, Бейбарыс даңғылы, 432Б мекенжайында орналасқан.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Білім беру басқармасы" жаңалықтары