Атырау облысы Білім беру басқармасы бастығының өкiлеттiгi:
1) өз орынбасарларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;
2) Атырау облысы Білім беру басқармасының еңбек қатынастары мәселелерi құзыретiне жатқызылған қызметкерлерiн заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Атырау облысы Білім беру басқармасының еңбек қатынастары мәселелерi құзыретiне жатқызылған қызметкерлерiне заңнамада белгiленген тәртiппен тәртiптiк жазалар мен көтермелеу шараларын қолданады;
4) Атырау облысы Білім беру басқармасының бұйрықтарына қол қояды, ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5) барлық мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдарда Атырау облысы Білім беру басқармасының мүдделерін білдіреді;
6) Атырау облысы Білім беру басқармасының жұмыс регламентiн бекiтедi;
7) Атырау облысы Білім беру басқармасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшiн дербес жауапты болады;
8) оның құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Атырау облысы Білім беру басқармасының бастығы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы
Жарияланды:
Ереже
Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысы
Жарияланды:
Басқа
Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың бірінші басшысы бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардыңбірінші басшысы бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуғаконкурстуралы хабарландыру Атырау облысыБілім беру басқармасы 060010, Атырауқаласы Айтеке би 77, анықтама үшін телефондары/факс: 354327 e-mail:[email protected], 1. АтырауоблысыБілім беру басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімі; 2. Босмемлекеттікбілім беру ұйымдарыныңбіріншібасшылары лауазымдарынаорналасуғаконкурс жариялайды; 3) Исатай ауданы аумағында орналасқан. Білім беру ұйымдарының негізгіқызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру. Атырау облысы Білім беру басқармасының Исатай ауданы білім бөлімінің «Құлыншақ» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары; 4) Педагогтердің үлгілікбіліктіліксипаттамаларымен бекітілгенбірінші басшы лауазымынакандидатқақойылатын біліктілікталаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл, ауылдық жерде - үш жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы бір жыл; немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы; осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл; Лауазымдық міндеттері.нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды; «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты)бұйрығынасәйкес «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499бұйрығындакөрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді; тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді; тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді; әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді; тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді; мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді; жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады; педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді; педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды; ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді. 6) Лауазымдықжалақыныңмөлшері: ҚазақстанРеспубликасыҮкіметінің қаулысына сәйкеслауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді. 7) Конкурс Мемлекеттікбілімберуұйымдарының басшыларынлауазымғатағайындау қағидасындакөрсетілген мерзімдерден кейін, Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырауқаласы Әйтеке би,77 үйғимаратында өтеді. 8) Хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Атырау облысыбілім беру басқармасының Педагог кадрларды аттестаттау және басқарубөлімі қабылдайды. 9) конкурсқақатысу үшін қажеттіқұжаттартізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: 1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат; 10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес) 11) түйіндеме; 12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы: 1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото; 3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса); 7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат; 8) түйіндеме. Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады. 10) Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. 11) ақпараттынақтылауүшін байланыс телефондары: 354327 Электрондық пошта[email protected]
Жарияланды:
Бұйрық
"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Жарияланды:
Ақпарат
Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидалары
Жарияланды:
Ақпарат
Атырау қаласы №46 орта мектеп, №47 орта мектеп, №51 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Атырау қаласы №46 орта мектеп, №47 орта мектеп, №51 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бос лауазымдарына орналасуға конкурс туралы хабарландыру Атырау облысы Білім беру басқармасы 060010, Атырау қаласы Айтеке би 77, анықтама үшін телефондары/факс: 354327 e-mail:[email protected], Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімі; Бос мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды; 3) Атырау қаласы аумағында орналасқан. Білім беру ұйымдарының негізгі қызметі: мектеп жасындағы балаларды жалпы білім берумен қамтуды ұйымдастыру. Атырау қаласы №46 орта мектеп, №47 орта мектеп, №51 орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі; 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген бірінші басшы лауазымына кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі; немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы-менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы. осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; 5) бірінші басшының лауазымдық міндеттері: білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады; педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады; педагогикалық кеңесті басқарады; мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді; білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді; оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді; заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді; қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді; педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді; білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді; педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады; жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады; педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында; білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді. 6) Лауазымдық жалақының мөлшері: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес лауазымдық жалақының мөлшері белгіленеді. 7) Конкурс Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындау қағидасында көрсетілген мерзімдерден кейін, Атырау облысы Білім беру басқармасы, Атырау қаласы Әйтеке би,77 үй ғимаратында өтеді. 8) Хабарландыру жарияланғаннан күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысу үшін құжаттарды Атырау облысы білім беру басқармасының Педагог кадрларды аттестаттау және басқару бөлімі қабылдайды. 9) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды береді: 1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама; 9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат; 10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес) 11) түйіндеме; 12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. Egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы: 1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) кадрларды есепке алу бойынша жеке іс парағы және 3х4 көлеміндегі фото; 3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі; 4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 5) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама; 6) сертификаттаудан өткені туралы сертификат (бар болса); 7) орта деңгейден (В1) төмен емес Мемлекеттік тілді білуі туралы (ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST) сертификат; 8) түйіндеме. Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады. Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады. 10) Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. 11) ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 354327 Электрондық пошта [email protected]