Атырау қаласында ұлт руханиятын ұлықтап, өр рухты ақын Махамбет Өтемісұлының шығармашылық мұрасын жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған IV республикалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті. Байқауға еліміздің әр өңірінен 100-ге жуық дарынды оқушы қатысып, бес бағыт бойынша өзара бақ сынады.
Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың ұлттық әдебиетке, тарихқа және өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, Махамбет Өтемісұлының бай мұрасын кеңінен насихаттау және жас таланттарды қолдау.
Қатысушылар ақын шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу, Махамбет күйлерін орындау, шығармаларына иллюстрациялық суреттер салу, өз өлеңдерін таныстыру және тарихи тұлғалар туралы зерттеу жұмыстарын қорғау бағыттарында өнер көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың өнері мен ізденісін бағалап, үздіктерді анықтады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қатысушы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасына ие болды.
І дәрежелі диплом иегерлері
«Нарында» – Махамбет шығармалары бойынша иллюстрациялық суреттер салу бағыты:
- Серік Милана – Атырау қаласындағы №16 Ж. Қаражігітов атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Габдрахманова Алтынғаным Нұрболатқызы.
«Ел құтқарар ер едім...» – Махамбет шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу бағыты:
- Саламатов Арыстан – Атырау облыстық №2 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Ерғалиева Жансая.
«Шашақты найза, шалқар күй» – Махамбет күйлерін орындау бағыты:
- Атығай Алихан – Алматы облысындағы Қ. Қайсенов атындағы №4 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Саденов Жанатбек.
«Тартынбай сөйлер асылмын...» – жас ақындардың шығармаларын мәнерлеп оқу және ұсынылған тақырып бойынша өлең шығару бағыты:
- Жаумитов Еркебұлан – Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сапиева Айжан Матжанқызы.
«Біз неткен ер, неткен ер? Сергелдеңмен өткен ер» – тарихи-әдеби зерттеу бағыты:
- Құттымұрат Мейіржан – Алматы облысындағы М. Мақатаев атындағы №13 орта мектептің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Жұмамұратова Салима.
ІІ дәрежелі диплом иегерлері
«Нарында» бағыты бойынша:
- Ситникова Маргарита – Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов ауданы, №1 Новоишим орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Жангалиева Ләззат Майрамовна.
- Аманбекова Айсана – Түркістан облысындағы Б. Өтеп атындағы мамандандырылған өнер мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Асанова Ұлбосын Серікбайқызы.
«Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша:
- Базарова Меруерт – Абай облысы, Ақсуат ауданы, Тоғас батыр атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сейсенбинова Динара Асқарбекқызы.
- Оразхан Аяжан Мақсұтқызы – Қарағанды қаласындағы №61 жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі – Төрекелді Ақдидар Қарсыбекқызы.
«Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша:
- Еркінбайқызы Нұрсәуле – Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы Байет жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Хампи Қымбат.
- Қанатбек Нұрсұлтан – Жетісу облысындағы №30 орта мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сапаржанқызы Жазира.
«Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша:
- Нұрланұлы Бақтияр – Абай облысы, Ақсуат ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Мерекенов Бекзат Думанұлы.
- Тұрлыбай Ұлжан – Қызылорда облысындағы №122 орта мектептің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сүлейменова Гүлмира.
Тарихи-әдеби зерттеу бағыты бойынша:
- Сайлау Айзере – Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Қадыр Мырза Әлі атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Әбүғалиева Аягүл Құдайбергенқызы.
- Қартбаев Бақдәулет – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, №1 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Дарханбаева Мейрамгүл Орынғалиқызы.
ІІІ дәрежелі диплом иегерлері
«Нарында» бағыты бойынша:
- Мурзахан Аминат – Алматы облысындағы орта мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Бекбосынова Мейрамкүл.
- Аңшыбаева Айару – Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ә. Жанкелдин атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Тіленбаев Алдаберген Жайлауұлы.
- Иванова Алена – Павлодар облысындағы №27 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сейтахметова Нұргүл Бексұлтанқызы.
«Ел құтқарар ер едім...» бағыты бойынша:
- Жамал Райяна – Алматы облысындағы №36 орта мектептің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі – Абиыр Дина.
- Жұмахан Каусар – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Тұрсынбаева Мөлдір Мұхтарханқызы.
- Серік Айдай – Қызылорда облысындағы №289 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Жетпісова Гүлмира Ақшабаевна.
«Шашақты найза, шалқар күй» бағыты бойынша:
- Естаев Әділет – Мақат ауданы, Бержан Қанатбаев атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі – Туриева Тоты Тельмановна.
- Сабытай Дастан – Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы Т. Айбергенұлы атындағы №19 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Баянбердиева Күнсұлу Ескуватқызы.
- Ержарқын Хансұлтан – Шымкент қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Елжанова Гүлфайруз Әбдірасилқызы.
«Тартынбай сөйлер асылмын...» бағыты бойынша:
- Марат Ділназ – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназияның 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Рсаева Меңдігүл Төлеушевна.
- Сарсенбай Нұрсәт – Павлодар облысы, Ақсу қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Қожанова Нұргүл Асылбековна.
- Жарқынбекұлы Ерсұлтан – Алматы қаласындағы «Жаңа Ғасыр» №175 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Алсай Мәулен Нұрқатұлы.
Тарихи-әдеби зерттеу бағыты бойынша:
- Өтеген Жасмина – Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия-интернатының 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Нәдірғожа Гауһар Нәдірғожақызы.
- Қуаныш Жаннұр – Түркістан облысындағы Т. Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі – Айтимбетова Фариза Рахатқызы.
- Усенбай Дария – Алматы қаласындағы Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Досказиева Ботагөз Қисамадинқызы.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталғандар
Рымқұл Арайлым – Жамбыл облысы, Шу ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Беккулова Бегинай Сансызбаевна.
Мирас Әдия – Қарағанды қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейдің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі – Сағибаева Манар Абдумұхашевна.
Шалабай Айару – Қызылорда облысындағы Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Қайруллаев Мұхтар Мнажадиновия.
Жұмажан Ділназ – Ұлытау облысындағы Ақтүбек жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Батарбекова Гүлнұр Төлегеновна.
Манарбек Нұрислам – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы эстетикалық бағыттағы гимназияның 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Рсаева Меңдігүл Төлеушевна.
Беркін Жанбатыр – Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов атындағы жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Есбергенова Мереке Оңдашовна.
Қуанышев Тілеген – Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Мұқашева Райгүл Сейітқазинова.
Ниязбаева Шакира – Алматы қаласындағы №58 жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Шабарова Нұркүл Тілеуқұлова.
Мұқанова Ақбота – Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, №2 Мәртөк мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Арыкова Айнұр Махсутовна.
Сақтар Мақсат – Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Л. Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы. Жетекшісі – Мүкәрімов Мирас Қуанышқалиұлы.
Туяк Ержан – Қостанай облысындағы №31 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Жолдыбай Айбол Жолдыбайұлы.
Бәкір Бекнұр – Түркістан облысындағы Ә. Сығай атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Бекжанова Лаура Ергешовна.
Мыңбай Бағлан – Ақтөбе облысындағы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Жақсылықова Әлия Бекболатқызы.
Аманбаев Алимхан – Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Дукетбаев Руслан Сұлтанұлы.
Слямхан Шадияр – Абай ұлттық мектебінің 11-сынып оқушысы. Жетекшісі – Ибрагимов Алтынбек Жаңбырбайұлы.
Айдарқызы Айжан – Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, №6 Хромтау гимназиясының 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Бакбергенова Гүлнұр Темірханқызы.
Аман Ақсезім – Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Абай атындағы шағын орталықты орта мектептің 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Қосыбаева Назгүл Әбенқызы.
Байболат Еркежан – Жетісу облысындағы Жетісу орта мектебінің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Зайтбекова Раушан Исабаевна.
Қаби Азалия – Қостанай облысындағы «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы. Жетекшісі – Арыстан Нұралы Нұрланұлы.
IV республикалық «Махамбет оқулары» жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке, тарихқа және өнерге деген қызығушылығын арттыруға, оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ Махамбет Өтемісұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттауға үлес қосты.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жас дарындарға шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!









