2026 жылғы 11 қарашада Шұғылбай ауылдық округінде 2026 жылдың екінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған есептік кездесу өтті.

    1 / 3

    Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкесШұғылбайауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтіп, ауылдың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағыттары талқыланды.
    КездесубарысындаШұғылбайауылдық округі әкімінің міндетін атқарушыМеруерт Умурканова Малгаждарова2026 жылдың 9 айында жүзеге асырылған жұмыстартуралы есеп беріп,алдағы кезеңге арналғанөзекті мәселелерменбөлісті.


    Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі нәтижелерді атап өтіп, инфрақұрылымды жаңғырту, елді мекендердің әлеуетін арттыру және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.


    Кездесудің негізгі бөлігі тұрғындармен еркін пікір алмасуға арналды. Ауыл азаматтары күнделікті тұрмысқа тікелей әсер ететін мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту
    ,дәрігерлік амбулаториядәрігерінің халыққа тиесілі дәрігерлік көмегінің жасау жұмысы мәселелеріжәнеокруг аумағыннан ағып өтетін өзен суының бөгелмейағыстың сақталуынқамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударылды.


    Аталған мәселелердің ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын ескере отырып, аудан әкімі нақты мүмкіндіктерді зерделеп, қажетті жұмыстарды жоспарлау мен жүзеге асыру жолдарын қарастыру жөнінде
    ұсыныстарберді.
    Әрбір ауылдың дамуы – ауданымыздың өркендеуінің негізі. Сондықтан, елді мекендердегі мәселелерді тұрғындардың өз аузынан естіп, олардың ұсыныстарын алдағы жұмыс жоспарларына енгізу аса маңызды.


    Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ" жаңалықтары