"Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

    Әкімшілік туралы

    «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі жайлы

    Жауап

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері: 1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы; 2) "электрондық үкіметтің" www.​egov.​kz веб-порталы (бұдан әрі – портал); Онлайн қызмет алу үшін (портал арқылы «Электронды лицензиялау» www.license.kz ) авторизациядан өтіп, «қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басу қажет, өтінішті толтырып, оны ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы қол қою керек. Өтініштің мәртебесін жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде қадағалауға болады. Қызмет алушыға жеке кабинетте мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және қызмет көрсетілу уақыты мен күні туралы хабарлама жолданады. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі портал арқылы қызмет алушының жеке кабинетіне жіберіледі. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар портал арқылы қызмет көрсетушіге мынадай құжаттарды жолдайды: Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерту туралы өтініш, электронды құжат түрінде, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған; Жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерту кезінде, қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалаушы) құнын төлеу туралы электронды көшірме, сондай-ақ 9-баптың 5-тармағына сәйкес бюджетке жер учаскесінің кадастрлық (бағалаушы) құны мен өзгертілген мақсатты тағайындалуының арасындағы айырма сомасын төлеу туралы мәлімет. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) елді мекен шегінде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 8 (сегіз) жұмыс күніне дейінгі мерзімде; 2) елді мекеннен тыс жерде орналасқан жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген жағдайда – 16 (он алты) жұмыс күніне дейінгі мерзімде. Көрсетілген мерзімдерге жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын жасау мерзімі кірмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

    Сұрақ

    Мектепте оқитын қай санаттағы оқушылар тегін тамақпен қамтамасыз етіледі:

    Жауап

    ҚР үкіметтерінің № 64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттары тегін тамақ алуға құқылы: 1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға; 3) жетім балаларға және отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; 4) Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі – білім алушылар мен тәрбиеленушілер) беріледі. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы Қамқоршылық кеңес болып табылады.

    Ақпарат

    Шұғылбай ауылдық округінің 2025 жылғы және 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-10 «Шұғылбай ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-10 «Шұғылбай ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:1, Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-10» Шұғылбай ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:«1. Шұғылбай ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:1) кірістер - 64098,0 мың теңге:салықтық түсімдер - 5891,0 мың теңге;салықтық емес түсімдер - 0,0мың теңге;негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0мың теңге;трансферттер түсімдері - 58207,0 мың теңге;2) шығындар - 64897,3 мың теңге;3) таза бюджеттік кредит беру - 0,0 мың теңге:бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 799,3 мың теңге;6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 799,3 мың теңге:қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 799,3 мың теңге".;мынадай редакциядағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:«3-1, 2026 жылға арналған ауылдық округтің бюджетінде аудандық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 6 қосымшаға сәйкес ескерілсін «.;көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген шешімнің 6-қосымшасымен толықтырылсын.2, Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Көкпекті ауданыныңСарманов Т 1-қосымшаКөкпекті ауданыныңАудандық мәслихаттың2026 жылғы 27 сәуірдегі № 43-10 1-қосымшаКөкпекті аудандық мәслихатының шешіміне2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 38-10 Шұғылбай ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеті СанатСыныпІшкі сыныпАтауы Сомасы (мың теңге)І. КІРІСТЕР 64098,01 Салық түсiмдерi 5891,001 Табыс салығы 356,02 Жеке табыс салығы 356,004 Меншiкке салынатын салықтар 5 470,01 Мүлiкке салынатын салықтар 66,03 Жер салығы 104,04 Көлiк құралдарына салынатын салық 1 500,05 Бiрыңғай жер салығы 3800,005 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар 65,03 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер 65,02 Салықтық емес түсімдер 0,001 Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер 0,05 Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер 0,03 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0,003 Жердi және материалдық емес активтердi сату 0,01 Жерді сату 0,02 Материалдық емес активтерді сату 0,05 Трансферттердің түсімдері 58207,002 Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 58207,03 Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер 58207,0 Функционалдық топФункционалдық кіші топБюджеттік бағдарламалардың әкімшісіБағдарламаАтауы Сомасы(мың теңге)II. ШЫҒЫНДАР 64897,301 Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер 40187,01 Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар 40187,0124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 40187,0001 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 40187,0022 Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 0,007 Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 17337,33 Елдi мекендердi абаттандыру 17337,3124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 17337,3008 Елдi мекендердiң көшелерiн жарықтандыру 3 099,3009 Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету 1000,0010 Жерлеу орындарын ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу 0,0011 Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру 13238,012 Көлiк және коммуникациялар 7373,01 Автомобиль көлiгi 7373,0124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 7373,0013 Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 7373,013 Басқалары 0,09 Басқалары 0,0124 Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0057 «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы жөніндегі іс-шараларды іске асыру 0,015 Трансферттер 0,01 Трансферттер 0,0124 Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты 0,0048 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 0,0III. Таза бюджеттік кредит беру 0,0Бюджеттік кредиттер 0,0Бюджеттік кредиттерді өтеу 0,0IV, Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0,0Қаржы активтерін сатып алу 0,0Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0,0V, Бюджет тапшылығы (профициті) - 799,3VI.Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 799,3Қарыздар түсімі 0,0Қарыздарды өтеу 0,09 Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 799,301 Бюджет қаражатының қалдықтары 799,31 Бюджет қаражатының бос қалдықтары 799,3

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы

    Шұғылбай ауылдық округінің 2025 жылғы және 2026 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат Шұғылбай ауылдық округі Көкпекті ауданының орталығынан 65 км қашықтықта орналасқан. Округ 2 елді мекеннен тұрады, Шұғылбай және Мелитополь ауылдары. Табиғат жағдайы: шұғыл-континентальды, жазық дала, солтүстік-шығыста орналасқан. Орталығы - Шұғылбай ауылы. Округ бойынша ағымдағы жылы 117 аула, 427 тұрғын тіркелді. Шұғылбайда 359 адам, Мелитопольда – 69 адам. Өткен жыл басынан бері 116 аулада 421 адам болған. Ауылдық округте 1 мектеп, 1 шағын орталық, 1 медициналық пункт, 1 ауылдық клуб, 1 кітапхана және 1 мұсылмандар мешіті ауыл тұрғындарына қызмет етеді.

    Жарияланды:
    Бұйрық

    Бұйрық

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Положение

    Көкпекті ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «16 » қыркүйектегі № 295 қаулысымен бекітілді. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1-тарау. Жалпы ережелер «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті әкімнің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын Абай облысы Көкпекті ауданы әкімдігі бекітеді. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мекенжайы:индекс 071012Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылдық округі,Шұғылбай ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, 13-үй, телефон нөмірі8(72348)2-04-99, 2-06-99. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінАбай облысы, Көкпекті ауданы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады. 9.«Абай облысы Көкпекті ауданыШұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады. 2 10.«Абай облысы Көкпекті ауданыШұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді. 2-тарау. Негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 11.Міндеттер: Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу. Функциялар: 1) «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде: - жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; -бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді; -жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауылдық округәкімдігі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді; - ауылдық округініңбюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді; -жергілікті қоғамдастық жиналысына және аудан мәслихатына ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады; - ауылдық округ бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды; -жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады; - ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады; - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады; 3 -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады; - мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқығын қорғауды жүзеге асырады; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады; -мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі)коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады; - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. 2) «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша: - өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; -егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; -шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады; - мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге 4 асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді; -аудан (облыстық маңызы бар қала)әкімімен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды; - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді; -жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді; -мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің)міндетті көлемдерін айқындайды; -мүлкі ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді; -жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды; 5 Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде: -мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға; -мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға; - мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға; - шарттар, келісімдер жасасуға; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегіндегі міндеттері: -қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету; Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардыңАбай облысының, Көкпекті ауданы әкімінің және әкімдігінің, актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау; қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. 3-тарау. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесініңқызметін ұйымдастыру «Абай облысы Көкпекті ауданыШұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.Әкімді жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайлайды және Қазақстан Республикасыныңзаңнамасына сәйкес қызметтен босатады. 16.Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін. 17.Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің өкілеттігі: - азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады; 6 -салықжәне бюджетке төленетін басқа да міндеттітөлемдерді жинауға жәрдемдеседі; -азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі; - өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады; - ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтің автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөндеуді және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді; - шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі; -Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсетеді; - өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; - тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; - табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді; - қылмыстық - атқару жүйесі мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға әлеуметтік құқықтық және өзге де көмек көрсетеді; - нотариаттық іс-әрекеттер жасауды ұйымдастырады, олардың аумағында тұратын азаматтардың азаматтық хал актілерін тіркеуге құжаттарды қабылдауды және оларды азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу және жеке тұлғалар туралы Мемлекеттік Дерекқорға мәліметтер енгізу үшін ауданның азаматтық хал актілерін тіркеу органына беруді, сондай-ақ куәліктер мен қажет болған жағдайда тәртіп туралы анықтамалар беруді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сай ұйымдастырады. - мүгедек адамдарға көмек көрсетуді ұйымдастырады; 7 - қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады; - дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, мүгедектігі бар адамдар арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады; - мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады - мүгедектігі бар адамдарға қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді; - халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді; - ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі; - «Алтын алқа» алқасымен наградталған аналарға тұрғын үй бөлуге жәрдемдеседі; - жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық - атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жазаның осы түріне сотталған адамдардың қоғамдық жұмыстарды орындауын ұйымдастырады; - жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі; - қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады; - шұғыл медециналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады; - мемлекеттік ветеринарлық ұйымдарға көмек көрсетеді; - жергілікті өзін - өзі басқару органдарыменөзара іс-қимыл жасайды; - жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады; - өз құзыреті шегінде елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырадыжәне су пайдалану мәселелерін реттейді; - елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; - туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады; 8 - жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу және тіркеуді жүргізеді; - қоғамдық медиаторлардың тізілімін жүргізеді; - жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындардаспортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды; - қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде: - қылмыстық - атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру; - басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді; - берілген коммуналдық кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын міндетті жұмыстарының (қызметтердің) көлемдерін айқындайды; - берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді; - берілген аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады; - жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі; - басқаруына берілген коммуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді; - Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды; - Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді; -ауылдық округтің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді; - аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдық округтің авариялық жағдайдағы тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады; 9 - мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді; - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізеді; - мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады; - шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын қамтамасыз етеді; - Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Әкім аппарат қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді. 4 тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі «Абай облысы Көкпекті ауданыШұғылбайауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік ауылдық округтің коммуналдық меншігіне жатады. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуі мүмкін. 5 тарау. Ауылдық округті қайта ұйымдастыру және тарату «Абай облысы Көкпекті ауданы Шұғылбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

    Жарияланды:
    Кесте

    Азаматтарды қабылдау

    Жарияланды: