МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ: МЕМЛЕКЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР МЕН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

    МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ: МЕМЛЕКЕТТІК

    КЕПІЛДІКТЕР МЕН ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ

    Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар азаматтардыңқұқықтарын қорғау және олардыңқоғам өміріне толыққанды қатысуынажағдай жасау — әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі.

    Мемлекет мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау көрсетіп, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бір қатар шаралардыжүзеге асырады.

    Біріншіден, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар.

    Мүгедектігі бар азаматтарға белгіленген тәртіппен мүгедектік тобына және себебіне қарай ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.

    Сондай-ақ мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға және бірінші топтағы мүгедектігібар адамға күтім жасайтын азаматтарға арнайы жәрдемақылар қарастырылған.

    Екіншіден, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету.

    Мүгедектігі бар адамдар жеке оңалту және абилитациялау бағдарламасына сәйкес кресло-арбалар, протездік-ортопедиялық құралдар, есту және көру қабілетін жақсартуға арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етілуі мүмкін.

    Бұл құралдарды әлеуметтік қызметтер порталыарқылы да алуға болады.

    Үшіншіден, арнайы әлеуметтік қызметтер.

    Мұндай қызметтер өзіне -өзі қызмет көрсету, жүріп-тұру және күнделікті өмірде көмекке мұқтаж азаматтарға

    көрсетіледі.Қызметтер үйде, күндізгі болу орталықтарында және стационарлық ұйымдардаұсынылады.

    Төртіншіден, кедергісізорта қалыптастыру.

    Мүгедектігі бар азаматтардыңбілім алуына, жұмысқа орналасуына, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуына, қоғамдық орындарғаеркінқол жеткізуінетеңжағдай жасалуытиіс.

    Әрбір азаматтың еңбек етуге, білімалуға, медициналық көмекке және қоғамөміріне қатысуғақұқығы бар.

    Құрметті азаматтар!

    Өз құқықтарыңызды біліңіздер. Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларын пайдаланыңыздар.

    Мүгедектікадамның қоғамнан шетқалуына себеп болмауы тиіс. Әрбір адам үшін тең мүмкіндік пен қолжетімді ортақамтамасызетілуі маңызды.

    Н. Блялов, департамент басшысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары