Департамент басшысы Н. Блялов "Орталық Қазақстан" облыстық газетіне сұхбат берді
– Есептеу әдістемесіндегі бірқатар ерекшелік осы күдікті сейілтуге арналған. Мысалы, бюджеттен төленетін жәрдемақы, алимент, тұрғын үй көмегі, қайырымдылық қаражаты мен бала туғанда берілетін біржолғы төлем отбасының табысы ретінде саналмайды. Пайдаланылғанына жиырма жылдан асқан жеңіл автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының құны нөлге теңестіріледі. Апатты баспана есепке алынбайды, тозығы жеткен үйге төмендету өлшемі қолданылады. Ал, бірнеше пәтері, қымбат көлігі немесе коммерциялық жылжымайтын мүлкі бар азаматтың жағдайы басқаша бағаланады. Ипотекалық қарыз бен ұзақ мерзімге кешіктірілген берешек, керісінше, отбасы бюджетіне түсетін жүктеме ретінде ескеріледі. Мүгедектігі бар немесе ауыр созылмалы аурумен есепте тұрған отбасы мүшелеріне қатысты төмендету коэффициенттері қарастырылған, – дейді халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Нүркен Блялов.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









