Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында өнер қайраткері, ұстаз, профессор Ақжар Қапесовтің туғанына 80 жыл толуына орай «Ұстаз өнегесі – ұрпаққа аманат» атты дөңгелек үстел өтті.
Еске алу жиынына мәдениет және өнер қайраткерлері, академияның профессор-оқытушылары, өнер саласының өкілдері мен Ақжар Қапесовтің отбасы қатысты.
Жиында ұстаздың өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді.
Қонақтар оның сахна пластикасын дамытуға қосқан үлесі, шығармашылық ізденістері, ұстаздық ұстанымдары мен шәкірт тәрбиелеу жолындағы көпжылдық еңбегі туралы естеліктер айтты.
Ақжар Қапесов Мемлекеттік ән және би ансамблінің бас балетмейстері қызметін атқарған. Сондай-ақ «Президент шыршасы», «Наурыз мейрамы» және «Ақ Жол» сынды ірі театрландырылған қойылымдардың режиссері болған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








