Үкіметте білім беру саласын дамыту мәселелері қаралды

    Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту, білім беру саласын цифрландыру, мемлекеттік қаржыландырудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Жиынға оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

    Оқу-ағарту министрлігі «Қазақтелеком» АҚ-мен біресіп өңірлерді Ұлттық білім беру платформасына кезең-кезеңімен қосу жоспарын әзірледі. Сервисті қолданысқа енгізу мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға, деректердің дәлдігін арттыруға, бюджет қаражатын пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселелеріне назар аударылды. Атап айтқанда, мемлекеттік білім беру тапсырысының құнын есептеудің бірыңғай әдістемесін енгізу жөніндегі ұсыныс қаралды.

    Осыған байланысты білім беру қызметтерін көрсетуге жұмсалатын шығындардың өңірлік ерекшеліктері мен айырмашылықтарын ескеретін, экономикалық тұрғыдан негізделген түзету коэффициенттерін қолдана отырып, бір тәрбиеленушіге шаққандағы мемлекеттік білім беру тапсырысының базалық құнын республикалық деңгейде белгілеу мүмкіндігін пысықтау тапсырылды.

    Білім беру ұйымдарында Face ID технологиясын пайдалана отырып, кіруді бақылау жүйелерін жаппай енгізу қажеттігі аталып өтті. Мұндай жүйелерді қолдану қауіпсіздік деңгейін арттыруға, білім алушылардың оқуға қатысуын есепке алуды автоматтандыруға, білім беру ұйымдарының аумағына кіруді бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

    Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге білім беру саласын одан әрі цифрландыру, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде тапсырмалар берілді.

    #Білім беру #Нұрлыбек Нәлібаев #Цифрландыру

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждин ауылдық әкімшілігі" жаңалықтары