Джакарта, 2026 жылғы 11 қараша- Қазақстанның Индонезиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия Жас кәсіпкерлер палатасының (KAPMI) басшылығымен және мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі қағидаттары таныстырылды.
Кездесу барысында Елші индонезиялық әріптестерге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары туралы баяндады. Атап айтқанда, жаңа инвестициялық кезеңді қалыптастыру, іскерлік ахуалды жақсарту, өнеркәсіпті, көлік-логистика инфрақұрылымын және цифрлық экономиканы дамыту, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне ерекше тоқталды. Жолдауда белгіленген міндеттер халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге және Қазақстан экономикасының келешегі зор салаларына шетелдік инвестициялар тартуға мол мүмкіндік беретіні атап өтілді.
Осыған байланысты, Қазақстан-Индонезия сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды. Екі ел экономикасының айтарлықтай өзара толықтырылуы, сондай-ақ өзара сауданы кеңейту, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және тікелей іскерлік байланыстарды орнату әлеуеті атап өтілді.
Агроөнеркәсіптік кешен және азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, энергетика, тау-кен өндірісі, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, шағын және орта бизнесті дамыту сияқты ынтымақтастықтың перспективалы салалары қарастырылды. Сонымен қатар Қазақстан тарапының Индонезияның іскерлік қауымдастығымен, соның ішінде жас кәсіпкерлермен ынтымақтастықты жандандыруға мүдделі екені атап өтілді. Осы мақсатта бизнес-форумдар мен B2B кездесулерін ұйымдастыру, іскерлік делегациялар алмасу және екі ел компаниялары арасында тікелей байланыстар орнатуға жәрдемдесу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
ҚР Елшісі Қазақстанның Индонезияны Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптесі ретінде қарастыратынын және практикалық экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Өз кезегінде, KAPMI-мен ынтымақтастық кәсіпкерлік топтардың екіжақты қатынастарды дамытуға, оның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығы аясындағы қызметіне қатысуын кеңейту тұрғысынан қызығушылық тудырады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер аясында іскерлік диалогты одан әрі дамытуға, бірлескен бастамаларды ілгерілетуге және қазақстандық әрі индонезиялық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға өзара мүдделі екендіктерін растады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









