«АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» НАГРАДАЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

    1 / 3

    «АЛТЫН АЛҚА» ЖӘНЕ «КҮМІС АЛҚА» НАГРАДАЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

    Бүгін Сапақ ауылдық округі әкімі Жалғасбеков Жангелді Бозжігітұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, ауылымыздағы аналарға Медеубаева Ақгүл Темірбекқызынв «Алтын алқа» және Нұрғазиева Ақнұр Саматқызына «Күміс алқа» наградаларын табыстады. Ауыл әкімі өз сөзінде: - “Ана тәрбиесі – ұлт тәрбиесі. Сіздердің мейірімдеріңіз бен адал еңбектеріңіздің арқасында ел ертеңі болатын саналы ұрпақ өсіп келеді. Көпбалалы аналарды қолдау - мемлекет саясатының басты бағыттарының бірі. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін,” деп тілегін білдірді .

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары