САПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ ЖӘНЕ ТОЙ - ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 4

    САПАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚҰДАЙЫ АС БЕРУ ЖӘНЕ ТОЙ - ТӘРБИЕ МЕН ТАҒЫЛЫМНЫҢ ОРДАСЫ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    Сапақ ауылдық округінде "Той - тәрбие мен тағылымы ның ордасы" және "Құдайы ас - жарыс емес, сауап" және "Жаназадағы ас беру мәдениеті", "Зираттар мен қорымдары күтіп ұстау", Қазақстан тойының қадірі мен бүгінгі келбет" және зорлық- зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша жиналыс өткізілді.

    Жиынға ауыл әкімі, ауыл имамы, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрі, ас беру мәдениеті және бүгінгі қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

    Кездесу барысында тойда және құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу, шамадан тыс шығынға ұрынбау, әрбір отбасының әлеуметтік жағдайын ескеру және ас берудің негізгі мақсаты – марқұмның рухына бағыштап дұға жасау, сауапты іс атқару екендігі кеңінен талқыланды.

    Ауыл имамы мен ақсақалдар өз ойларын ортаға салып, құдайы астың жарыс немесе бәсеке емес, ізгілік пен сауапқа негізделген дәстүр екенін атап өтті. Сонымен қатар, жастарға өнеге көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, қарапайымдылық пен үнемшілдікті ұстанудың маңыздылығы айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары