Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты
«Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің іс-қимылын, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
«Сапақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып Арал аудандық әкімдігі болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
Қызылорда облыс Арал аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қызылорда облыс Арал аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қызылорда облыс Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: «2026-2028 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті туралы» Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 479 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. 2026-2028 жылдарға арналған Сапақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 46 563,5 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 3 118 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 0; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0; трансферттер түсімдері – 43 445,5 мың теңге; 2) шығындар – 47 396,5 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 0; бюджеттік кредиттер – 0; бюджеттік кредиттерді өтеу – 0; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0; қаржы активтерін сатып алу – 0; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -833 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 833 мың теңге; қарыздар түсімі – 0; қарыздарды өтеу – 0; бюджет қаражататының пайдалынылатын қалдықтары – 833 мың теңге.». Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.




