9 қарашадан бастап Успен ауданында 11-сынып оқушыларына арналған ресурстық орталық жұмысын бастады. Орталықтың басты міндеті — бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) сапалы әрі жүйелі дайындалуына жағдай жасау.
Сабақтар әр оқушының жеке білім қажеттіліктері ескеріле отырып ұйымдастырылады. Оқушылар бейіндік пәндер бойынша білімін тереңдетіп, білімдегі олқылықтарын толықтырады, тест тапсырмаларын орындау дағдысын жетілдіріп, емтиханға дайындық деңгейін арттырады.
Орталықта оқушылардың білім сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша жіберілген қателермен жүйелі жұмыс жүргізіледі.
Алғашқы күннен бастап 11-сынып оқушылары сабақтарға белсенді қатысып, қызығушылық танытып, жоғары нәтижеге ұмтылыс көрсетуде.
Ресурстық орталықтың жұмысы аудан түлектерінің ҰБТ-ға өз білімдеріне сенімділікпен келіп, лайықты нәтиже көрсетуіне бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









