Үржар аудандық АСК-ының 16.10.2026 жылғы №28 қаулысымен бекітілген «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы жоспарға» сәйкес ағымдағы жылдың 10-қарашасында Жансүгіров ОМ мәжіліс залында УСК мүшелерімен «Сайлау науқаны барысында жиі кездесетін қателіктерді талдау және олардың алдын алу. Дауыс беру қорытындыларын анықтау, хаттамаларды рәсімдеу және оны жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну. Мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Оқыту - семинарымен Үржар және Ақжар ауылдық округтерінің 13 сайлау учаскелерінің 91 мүшесі қамтылды. Тақырыпқа сәйкес УСК-ы мүшелері ҚР сайлау туралы Конституциялық заңына енгізілген өзгерістермен таныстырылып, тәжірибелік тренингтер өткізілді. Семинаралды тест тапсыру, сұрақ-викторина ұйымдастыру, пікір талас форматында өткізілген оқыту семинары, УСК мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







