Жастардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында, «2026 жылғы 29-қарашаға тағайындалған ҚР барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы жоспарға» сәйкес, ағымдағы жылдың 2-қарашасында, аудандық жастар ресурстық орталығында (ЖРО) жас сайлаушылармен кездесу ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел форматында өткізілген кездесуге жоғарғы сынып оқушылары және жас мұғалімдер, аудандық ЖРО басшысы, ЖСК-ының хатшысы қатысты. Дөңгелек үстел барысында еліміздегі сайлау жүйесі, алдағы өтетін маслихат депутататтарының сайлауының мәнісі, сайлау бостандығы, яғни жастардың сайлау және сайлану құқығы жөніндегі сұрақтар қозғалды. Кездесу қорытындысында жас сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








