«2026 жылғы 29-қарашаға тағайындалған ҚР барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы Үржар ауданының АСК-ның жоспарына» сәйкес 30.10.26 жылы «Әділет» партиясының аудандық филиалында аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге жергілікті мәслихат депутаттығына партия тарапынан ұсынылған кандидаттар, аудандық баспасөз өкілдері және «Әділет» партиясының аудандық филиалының қызметкерлері мен мүшелері қатысты. Дөңгелек үстел барысында кандидаттар сайлауалды үгіт жұмысын жүргізу тәртібімен, сенім білдірген адамдардың тіркелуі, олардың міндеттері мен құқықтары, қандидаттық шығындарды мақсатты жұмсау ережелерімен таныстырылды. Дөңгелек стол қорытындысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







