Ағымдағы жылдың 2-қарашасында «2026 жылғы 29-қарашаға тағайындалған ҚР барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясы мүшелерін және сайлау процессінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыру туралы жоспарға» сәйкес Үржар аудандық кітәпханасында аудандық сайлау комиссиясы ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.

    1 / 2

    Дөңгелек үстелге аудан әкімдігінің ұйымдастыру бөлімі, жергілікті мәслихат депутаттығына «Әділет», «Ақ жол», «Ауыл» және «Республика» партиялары тарапынан ұсынылып, тіркелген кандидаттар, кандидаттардың сенім білдірген өкілдері, аудандық баспасөз қызметкері, «Әділет» және «Ауыл» партиясының өкілдері қатысты. Дөңгелек үстел барысында кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдары сайлауалды үгіт жұмысын жүргізу тәртібімен, сенім білдірген адамдардың тіркелу тәртібі, олардың міндеттері мен құқықтары, қандидаттық шығындарды мақсатты жұмсау және оның есебін жасау тәртібімен таныстырылды. Дөңгелек стол қорытындысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары